Ата-аналарға арналған хабарландыру

Құрманғазы атындағы №7 Балалар музыка мектебі 2024–2025 оқу жылына саксофон, фортепиано, скрипка, домбыра, қобыз, гитара музыкалық аспаптары мен вокал мамандығы бойынша 1-сыныпқа оқушыларды, сондай-ақ тұрғылықты жерінің ауысуына байланысты басқа қалалардан қоныс аударған оқушыларды қабылдайды.
Қабылдау ережесі
1-қадам: 3 мамырдан 30 мамырға дейін https/bilimalmaty.kz/user/register порталының «Қосымша білім беретін №7 Балалар музыка мектебі» бөліміне кіріп, тіркелу қажет. Сіз балаңызды тек 1 аспапқа ғана тіркей аласыз. Егер бірнеше аспап көрсетілген болса, өтініш қарастырылмайды.
2-қадам: қабылдау комиссиясы музыкалық қабілетін анықтап, ұпаймен бағалайтын іріктеу конкурсына балаңызды қай күні және қай уақытта әкелу керектігі көрсетілген купонды мектептен қашан алуға болатынын хабарлайтын жауапты күтіңіз.
3-қадам: Емтихан кезінде ата-аналарға қабылдау комиссиясының қорытындысын қай күні https/bilimalmaty.kz/user/register порталынан білуге ​​болатыны хабарланады.
Қосымша ақпараттар
1. Қабылданатын балалар саны әр аспап бойынша мектепті бітірушілер санына байланысты болады.
2. Басқа қалалардан ауысып келген балалар бұған дейін білім алған мамандығының сыныбына байланысты білімдері мен дағдылары ескеріле отырып, жалпы конкурсқа қатысады.
3. Музыка мектебінде тек музыкалық пәндер оқытылады. Оқушылар мектеп-гимназиялардағы сабақ ауысымына қарама-қарсы ауысыммен аптасына 4 рет сабаққа қатысады.
4. Оқу ақылы.
5. Оқу мерзімі: фортепиано және скрипка бөлімі – 7 жыл, саксофон, қобыз, домбыра, гитара, вокал бөлімдері – 5 жыл.
6. Қабылдау жасы:
фортепиано мен скрипка бөлімдеріне – 7-8 жастан;
домбыра, қобыз және гитрар бөлімдеріне – 8-9 жастан;
саксофон бөліміне – 8-10 жастан.
7. Музыкалық мектепті бітіргеннен кейін оқушыларға мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі.

Similar Posts

Пікір үстеу